СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ
Арыста Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша заңнамалардың тиісті нормаларына түсіндірме жасау жөнінде семинар–кеңес өтті.
Семинар-кеңеске ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары, салалық бөлім басшылары, аудандық инспекция қызметкерлері, Арыс қалалық инспекция басшысы, мамандары, аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы,мамандары, ауылдық округтердің әкімдері, орынбасарлары және ауылшаруашылығы тауарын өндіруші жеке және заңды тұлғалары қатысты.
Кеңесті қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық төрағалық ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, оның ішінде 2023 жылы аудан, қала аумағында зиянкестерге, ауруларға, арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының болжамдалынған көлемі туралы «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3-шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (өзгерістері мен толықтыруларын қоса) негізгі нормаларын түсіндіру, Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заң талаптары, мал, егін шаруашылығы бойынша мемлекеттік қолдау туралы тиісті сала өкілдері баяндама жасады.
Жиынға қатысқан ауылдық округі әкімдері мен мамандары және шаруа қожалықтарының төрағалары көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.