ҚАРҒЫНДЫ СУЛАР АРЫС ӨЗЕНІНЕ ҚҰЙЫЛУДА

291
Арыс қаласында желтоқсан-қаңтар айларында жауған қардың еруі және жаңбыр суынан жиналған қарғынды су қала аумағындағы ең ірі тасқын суды өткізетін «Қабылсай» арнасымен ағып, Арыс өзеніне құйып жатыр.
Қазіргі таңда, тасқын судың алдын алу мақсатында Арыс қаласы әкімдігі мен ауылдық округтердегі барлық қызметкерлер жұмылдырылып, аудандық Төтенше жағдай бөлімі мамандарымен бірлесіп, тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Ал, №7 Өрт сөндіру бөлімінің барлық жеке құрамы, №44859 Әскери бөлімінен 100 сарбаз, «Жасыл Арыс» КММ қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының еріктілері және әкімдік мамандары 2000 қап құмды қаптап, ауылдық округтер мен су тасу қаупі бар орындарға жөнелтіп жатыр.
Қазір өзен ағынын, су деңгейін бақылайтын кезекшілік бекеттері жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Возможно, это изображение 11 человек, люди стоят и дорога
Advertisements