АРЫСТА 6 ҚАЗАНДА ӨТЕТІН РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

27

Бүгін Арыс қалалық кәсіпкерлік палатасында жергілікті бизнес өкілдерімен келелі жиын өтті. Жиында 6 қазанға белгіленген АЭС құрылысына қатысты референдум жайы талқыланды.

 

Қалалық мәслихат депутаты Бақтығали Ділдәбеков 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға әр тұрғынның таңдауы маңызды екенін атап өтті.

 

Кездесуде АЭС құрылысына қатысты түрлі пікір айтылды. Қоғам белсенділері мен бизнес қауымдастық өкілдері АЭС салынған күнде де, кадрлармен қамтамасыз ету, бұл салаға жауапты бола алатын маман бар ма?” деген сұрағын жолдады.

 

«Бүгінде Қазақстанның атом өнеркәсібінде 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 15 мыңы – негізгі өндірістік персонал. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында көптеген маман жұмыс істейді», – деп атап өтті қалалық мәслихат депутаты Бақтығали Ділдәбеков.

 

Бұдан бөлек, АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр стансаларының қауіпсіздігі, олардың  жұмыс істеу принциптері және атом электр стансаларының қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ету деңгейі туралы жан-жақты талқыланды.

Advertisements