АЭС БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІГІМІЗДІ ҚАМТИДЫ

39

АЭС БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІГІМІЗДІ ҚАМТИД

 

Елде электр тапшылығын шешуге бағытталған атом электр станциясын салу жөніндегі референдумның өтуіне азғана күн қалды.

 

АЭС мәселесін талқылағалы оның басты ұтымды тұсы – оның экономикалық тиімділігі. Сонымен бірге АЭС-тың арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құтылып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жеткіземіз. Одан кейін экологияға зияны жоқ жасыл аймаққа айналамыз. Тағы бір пайдасын мамандар атом энергетикасы орталық Қазақстанда орналасса, еліміздің барлық аймағын энергиямен қамту деңгейі артады деп отыр.

 

Жалпы бүгінгідей дамыған заманда электр энергиясының маңызы зор. Сондықтан, барлық қажеттілігіміз осы энергия көзіне тәуелді болғанын ескерсек, АЭС-ның салынуы қажет деп білеміз. Зиянына қарағанда, пайдасы мол екендігіне сенімдіміз.

 

Осыны ескере отырып, 6 қазан күні өтетін референдумда барша халқымыздың дауыс беруі маңызды деп ойлаймын.

Самат Жаханов

Advertisements