Қазақстандағы өмір сүрудің қымбатшылығы Нью-Йорктан екі еседей жоғары

423

Қазақстан отбасылардың азық-түлік шығындары бойынша Еуропаның 40 елінің рейтингінде соңғы орынға сырғыды. Дамыған Еуропа елдерінде адамдар табысының 8-12 пайызын азық-түлікке жұмсаса, қазақстандықтар жалақысының жартысына жуығын сол мақсатқа жұмсайды, деп хабарлайды  qamshy.kz

Қазақстандағы халықтың азық-түлік шығындары соңғы бес жылда өсіп келеді. Биылғы жылдың екінші тоқсанында бұл көрсеткіш 51,4 пайызға жеткен. 2020 жылдың соңында “Рейтинг” агенттігінің сарапшылары еуропалық елдердің азық-түлік шығындары бойынша рейтингін жасады. Бұл көрсеткіш табыс деңгейін және азық-түлік тауарларының бағасын есепке алған. Рейтинг бойынша азық-түлікке  азырақ, ал ойын-сауыққа, сыртта тамақтануға және т.б. көп ақша жұмсайтын елдер арасында Люксембург, Нидерланды, Ұлыбритания, Ирландия және Германия бар. Ел азаматтары азық-түлік дүкендеріне ай сайынғы табысының 49%-ға жуығын беруге дағдыланған Қазақстан рейтингтің төменгі сатысына орналасты. Олардың ойын-сауыққа жұмсайтын шығындары өте аз (1,7%), сонымен қатар сыртта тамақтану (2,9%) болған. “Numbeo” компаниясының өмір сүру құнын көрсететін тағы бір халықаралық рейтингі де Қазақстанды 139 елдің ішінде 71-орынға қойған. “Numbeo” дүние жүзінің түкпір-түкпірінен өмір сүру құны мен өмір сапасы туралы деректерді жинайды және индекстерін дайындау кезінде әртүрлі қалаларды бір-бірімен салыстыру үшін Нью-Йорк қаласын өлшеу құралы ретінде пайдаланады. Егер ішкі сатып алу қабілеті 40 болса (Қазақстанда бұл бар болғаны 32), бұл орташа жалақылы қала тұрғындары Нью-Йорк тұрғындарына қарағанда орташа есеппен 60%-ға аз тауарлар мен қызметтерді сатып ала алады дегенді білдіреді. Швейцария, Австралия және Люксембург сияқты елдерде адамдардың сатып алу қабілеті Нью-Йорктегідей. 2016-2020 жылдар аралығында Қазақстанда азық-түлік шығындары жыл сайын 2-2,5%-ға өсті. 2020 жылдың соңында орташа қазақстандық отбасы табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсаса, бес жыл бұрын 43 пайызын жұмсаған. Азық-түлік бағасының ең жоғары деңгейі (60%-дан астам) үш облыста: Түркістан, Жамбыл және Алматы облысында. Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы қалаларында халық табысының 54-59 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Азық-түлік тауарлары индексінің ең төменгі деңгейі Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында (38,6%). Азық-түлікке ақшасының жартысына жуығын жұмсауға мәжбүр болған қазақстандықтар басқа шығындар түрлерін қысқартуға бейім. Мысалы, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, тұрмыстық техника және т.б. сатып алуға жұмсалған қаражаттың үлесі 2016 жылғы 24%-дан қазір 22%-ға дейін төмендеді. 2021 жылы қазақстандықтар ақылы қызметтерге 2016 жылмен салыстырғанда 15,7%-ға аз ақша жұмсады. Сонымен қатар, соңғы бес жылда қазақстандықтардың несиелік қарызы 3,4%-дан 5%-ға дейін өсті.

Advertisements