ШЫМКЕНТ: «SHANYRAQ» отбасы институтының жұмысы оң нәтижесін беруде

384
Отбасы құндылығы жоғары, шаңырақ татулығы берік сақталатын елдің келешегі бар. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттап келетін Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» отбасы институтының жұмысы бүгінде жанданып, нәтижесін беріп келеді. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы негізінде ашылған орталық
аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға психологиялық қолдау, құқықтық жәрдем, үкіметтік емес ұйымдармен, медиациямен бірлескен жұмыс, өз кәсібін игеруге ықпал ету, балаларға психологиялық қолдау көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, денсаулық мәселелері және аналар мен балаларға арналған арнайы курстар бойынша жүйелі іс-шаралар өткізді.
Аталған орталық ажырасуға арыз тастаған отбасыларды татуластыру жұмыстарын да жолға қойды. «SHANYRAQ» орталығында «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорымен бірлесіп құрылған «Отбасылық кеңес» неке бұзу туралы дауды медиация тәртібімен шешті. Заңгер-медиатор Дана Кенжеқұлова мен Зарина Кембаева ажырасуға арыз тастаған ерлі-зайыптылармен әңгімелесу жұмыстарын жүргізді. Орталықта психологтың және медиатор, заңгерлердің қабылдауынан кейін бір отбасы ажырасу райынан қайтып, отбасын сақтап қалу үшін күресетін болды.
Сонымен бірге «SHANYRAQ» орталығында күн сайын түрлі кездесулер, бизнес-тренинг, психологиялық семинар және тегін курстар өткізіледі.
Advertisements