Арыс қаласында 109 қызметі іске қосылды

253
Түркістан облысында қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 109 біріңғай желісі іске қосылды. Аталған жүйе коммуналдық-тұрмыстық мәселелерге өтініш білдіруге және әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтер жөнінде кеңес алуға мүмкіндік бермек. Енді жарық, жылу, су, газ, жалпы тұрғын-үй коммуналдық жүйесіндегі ақау мен апаттық жағдайларда мекеме аралап, әуре сарсаңға түсудің қажеті жоқ.
Атап өтерлігі сол 109 қызметі бұрын, тек Түркістан мен Кентау қаласында ғана болған. Енді бұл жүйе бүкіл облысты, яғни Арыс қаласында қамтитын болды.
Байланыс орталығына ұялы және қалалық телефоннан қоңырау шалуға болады.
Айта кетейік, 109 – байланыс орталығына instagram (@turk.obl_109), whatsapp (8 701 131 31 09), facebook (байланыс орталық) парақшасы мен «aikey-109» қосымшасы арқылы өтінімдер қабылданады.
Возможно, это изображение 2 человека
Advertisements