АРЫСТА ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ РЕЙДТІК ШАРА ӨТТІ

312
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына орай, жер қойнауын заңсыз пайдалану мен тасымалдау кезінде жолдар мен қоршаған ортаның ластануын алдын алуға бағытталған кезекті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Арыс қалалық кәсіпкерлік бөлімнің және жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесе жүргізілген рейдтік шара нәтижесінде, ауыр жүк көлік иелеріне қала аумағындағы автомобиль жолдарының бұзылуына жол бермеу, қала маңындағы карьерлерден шығатын ауыр жүк көліктерінің үстін арнайы тентпен жабу, құмның шашылуын болдырмау секілді талаптар түсіндірілді.
Айта кетейік, мұндай шара қала аумағында жер қойнауын пайдалану тәртібі мен тасымалдау кезінде жолдарды күтіп ұстау мен қоршаған ортаның ластануын алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Сондықтан да жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыздықтарға жол бермеу жағдайлары түсіндірілді.
Advertisements