«БӨГЕН» СУ ҚОЙМАСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

284
Ордабасы ауданында орналасқан «Бөген» су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Стратегиялық маңызы бар нысандарда жыл сайын арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Соған сәйкес, су қоймасында тиісті шаралар қолға алынды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Бөген» су қоймасының бүгінгі жағдайымен танысып, жөндеу жұмыстарының барысын бақылау үшін арнайы келді.
Advertisements