«AMANAT» ПАРТИЯСЫ АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XLIІІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

213
Бүгін Арыста «AMANAT» партиясының қалалық филиалының кезектен тыс XLIІІ конференциясы өтті.
Конференция жұмысын қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ашып, жүргізді.
Арыс қалалық партия филиалының кезектен тыс XLIІІ конференциясының жұмысына қалалық Саяси кеңесі Бюросы және Саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, «Жастар Рухы» Жастар Қанатының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бақтығали Ділдәбеков сөз алып, «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын жан-жақты түсіндіріп баяндама жасады.
Конференцияда Жастар ресурстық орталығының басшысы, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Мөлдір Сарыпбекова және «М.Әуезов» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ләззат Аубакирова жарыссөзге шығып, пікірлерін білдіріп, партияның жұмысын толықтай жаңарту бастамасына қолдау білдірді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «AMANAT» партиясының Жарғысына сәйкес, Түркістан облыстық партия филиалының кезектен тыс XLVI конференциясына делегаттар сайлау және Арыс қалалық партия филиалының Саяси кеңесінің құрамына толықтырулылар енгізіліп, жаңа құрам сайланды.
Қалалық партия филиалының төрағасы, шаһар басшысы Гүлжан Мамытқызы барша делегаттар мен Саяси кеңес мүшелеріне алғыс айта отырып, алдағы уақытта партияның бағдарламалық міндеттерін бірлесіп атқарамыз деп сенім білдірді.
Конференцияда күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Жиын бірқатар белсенді партияластарға жаңа үлгідегі партиялық билеттерді табыстау шарасымен аяқталды.
Advertisements