АРЫСТА “ҚЫС-2022” ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

249
Арыс қаласында 24-25 қараша аралығында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Күндізгі сағат 9:00-де арнайы дыбыс күшейткіш аппаратынан дабыл қағылып, тиісті мекемелердің мамандары қажетті құрал-жабдықтарымен және техникаларымен қаламыздағы орталық алаңда жиналды.
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау мақсатында өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов арнайы қатысып, аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын қарап шықты.
Жиын барысында қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою үшін құрылған авариялық-құтқару қызметінің құрылымы мен құрал-саймандарының есебі де анықталды. Жиын барысында энергия, газ, жылу, ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің және көлік қатынастарының жұмыс істеуге дайындығы, тәуелсіз энергиямен қамтамасыз ету көздерінің, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да қорлардың жағдайы пысықталды.
Оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару қызметі және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуде шұғыл басқару алгоритмдері жасалды. Халықты шұғыл хабарландыру үшін қалалық орталықтандырылған хабарлау жүйелері, дауыс күшейткіш құралдары, теледидар және басқа да БАҚ арқылы тарату тәртібі қаралды.
Advertisements