ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАР БАСҚАН ЖОЛДАР АШЫЛЫП ЖАТЫР

186

Түркістан облысында қар басқан жолдарды жауапты мекеме қызметкерлері тәулік бойы тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде Шаян-Шолаққорған жолы толық ашылды. Ауыр техникалар тоқтамастан асудағы 25 шақырымдай жолдың қарын күреп шықты.

Арыс қаласында да арнайы техника көмегімен қала жолдарды қардан тазартылып, көктайғақтың алдын алу үшін инертті материалдар төгіліп жатыр.

Созаққа алдымен “Оңтүстікжарық” мекемесінің жөндеу бригадалары жұмылдырылды. Өйткені аталған ауданда 3,5 мыңнан астам абонент жарықсыз отыр.

Сонымен қатар, Кентау-Ащысай елдімекені аралығындағы жол қардан тазартылып, Ащысай-Шолаққорған бағытындағы жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Бәйдібек ауданындағы Бірлік-Жарықбас бағытындағы жолды ашу жұмыстары жүргізілді. Ал, Жарықбас-Қошқарата елді мекендері аралығындағы жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, қазіргі таңда аймақта ауа райы бірқалыпты. Алдағы уақытта келген залалдарды шұғыл түрде қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.

 

Возможно, это изображение на открытом воздухе

Advertisements