АРЫСТЫҚ ОҚУШЫЛАР АРДАГЕРДІҢ АУЛАСЫН ҚАРДАН ТАЗАРТТЫ

192

Қаңтар айында Арысқа жылдағыдан үш есе көп қар түсті. Осы ретте арыстық оқушылар қамкөңіл қариялар мен жарымжан жандарға көмек қолын созып, баталарын алуда.

Атап айтқанда, №11 Б.Момышұлы мектебінің оқушылары Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысқан Токмұрзаев Асанбек ардагердің ауласын қардан тазартуға көмектесті.

Төпеп жауған қалың қарды тазалап, көмектескен оқушыларға алғысын білдірген қария жастардың ісіне дән риза екендігін жеткізді.

Жасөспірімдердің осындай қайырлы істің басында жүріп, үлкенге қуаныш сыйлағанына разы болған көпшілік те батасын беріп жатты.

Еріктілердің көмегі әрқашан қарт азаматтардың көңіл-күйін көтереді, келер күніне деген сенімділігін оятады, тіпті рухани күш береді. Сол сияқты үлкен кісілерге көмек көрсету жастардың мейірімділігін күшейтуге ықпал ететіні сөзсіз.

 

Возможно, это изображение 3 человека, люди стоят и на открытом воздухе

Advertisements