ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ

254

Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Рахманұлы 70 жасқа толды. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ақсақалды мерейлі мерекесімен құттықтап, ілтипат көрсетті.

Басқосуға қала әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Жиында шаһар басшысы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Арыс қаласының «Құрметті азаматы» Тәңірберген Рахманұлының қала дамуына қосқан сүбелі үлесін тілге тиек етіп, ардагерлердің қоғамдағы орны мен белсенділігін жоғары бағалады.

– Тәңірберген Рахманұлы, Сіз мемлекетіміздің экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге ықпал етіп, Арыс қаласының дамуы жолында жоғары дәрежеде қызмет еттіңіз. Бүгінде Арыс қалалық ардагерлер кеңесі төрағасы қызметін жауапкершілікпен, тиянақтылықпен атқарып келесіз. Ардагерлер ұйымы халқымыздың құндылықтарын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне белсене атсалысып отыр. Бұл жұмыстарды одан әрі жоғары дәрежеде үйлестіретініңізді білемін. Бүгінгі мерейтойыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін, – деді қала әкімі Гүлжан Мамытқызы.

Мерейтой иесіне арналған кездесуде шаһар басшысы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Рахманұлына еліміздің әлеуметтік дамуына мол үлес қосып, қоғам өміріне сіңірген еңбектері үшін Түркістан облысы, «Еңбек құрметі» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» медалін табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Кездесу соңында Тәңірберген Әсіл көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, елдің бірлігі мен тұрақтылығы жолында іргелі істерді жалғастыруда Ардагерлер кеңесінің белсенді жұмыс жүргізетінін тілге тиек етті.

 

Возможно, это изображение 17 человек, люди стоят, в помещении и текст «рыс 2»

Advertisements