АРЫСТА СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

320
Арыс қаласында Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Абылай Нарбаев өмірден озды.
Нарбаев Абылай 1924 жылы 3 мамырда Арыс ауданы Тақыркөл ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін Жетісай ауданындағы Амангелді мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1941 жылы Беларусь майданына 175- дивизиясының 277- полкісіне қатардағы жауынгер болып аттанған. Брест қамалы арқылы Польша жерін жаудан азат ету майданында шайқасқан. 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген.
«Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарының иегері және басқа да мерекелік наградалармен марапатталған.
Ұлы Отан соғысының ардагері Абылай Нарбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Ардагердің жаназасы ертең, 2 ақпан күні сағат 15.00-де Шөгірлі елді мекенінде өз шаңырағында өтеді.
Возможно, это изображение 1 человек
Advertisements