ҚАЛА ӘКІМІ ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА СУ ШАЮ ҚАУПІ БАР ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

233
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова су тасқынына қатысты ахуал бойынша Ақдала, Дермене, Қызылкөпір, Монтайтас, Аршабай (42 разъезд), елді мекенін аралап, жағдайды көзбен көрді.
Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, Қызылкөпір аумағын кесіп өтетін Бөген өзенінің арнасын алдын-ала тазалау, табанын тереңдету жұмыстары жүргізіліген.
Атап айтқанда, су тасқыны кезінде қиындықтардың алдын алу мақсатында ауылдар мен елді мекендерде су басу қаупі бар учаскелерде қазылған арықтар тазартылып, тиісті жұмыстар жасалған.
Табиғат тосын мінез танытып, әлі де молынан қар жаууы, соңы жаңбырға ұласуы бек мүмкін. Ондай жағдай бола қалса, күтпеген жерден су тасқынының басқа аумақтарға да ауыз салуын ешкім жоққа шығара алмайды.
Осыған байланысты, қала әкімі ауыл әкімдеріне тиісті тапсырма беріп, тасқын судың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Возможно, это изображение 6 человек, люди сидят, люди стоят и на открытом воздухе
Advertisements