ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАПАСТАҒЫ ӘСКЕРИЛЕРДІҢ ЖАТТЫҒУЫ БАСТАЛДЫ

93

Сарыағаш ауданы бойынша бойынша шекара басқармасының аумағында запастағы әскери міндеттілермен 30 күндік әскери жиын жұмыстары басталды. Жиын 1- 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Шара Қазақстан Республикасы ҰҚК мен ҰҚК Шекара қызметінің 2022-2023 жылдарға жұмылдыру дайындығын дамыту жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Негізгі мақсаты – әскери міндеттілерді қайта дайындықтан өткізу, олардың кәсіби деңгейін көтеру. Жиынға Түркістан облысының 14 ауданынан жалпы саны 70-тен аса запастағы әскери міндетті қатысуда. Олар мерзімді әскери қызметте болған, сонымен қатар жоғарғы оқу орнын бітірген. Араларында жоғарғы оқу орындарында әскери кафедра бітірген азаматтар да бар.

​Қазіргі таңда запастағы әскери міндеттілермен Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының «Дарбаза» әскери атыс алаңы базасында жоспарлы түрде сабақтар өткізіледі әрі заманауи қару-жарақ, техникалармен таныстыру, арнайы жаттығулар өткізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, әскери міндеттілер мемлекет тарапынан ақшалай жалақы, тегін әскери киім- кешек пен тамақпен қамтамасыз етіледі. Және медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен толықтай қамтылған.

Жиын запастағы әскери міндеттілердің әрдайым әскери дайындықта және физикалық тұрғыдан шымыр болуына септігін тигізеді.

Возможно, это изображение 5 человек

Advertisements