Жүрекке ота жасау жолға қойылды

393

Түркістан қаласында 1-қазаннан бастап жүрек-қан тамыры ауруларына шалдыққандарға ота жасалып келеді. Қаладағы «Талғат» клиникасы ғимаратында орналасқан «Asia Med Clinic» кардиоорталығының дәрігерлері екі апта ішінде 30-ға жуық науқасқа операция жасаған. Бір қуанарлығы, операциялардың барлығы сәтті өткен,  деп хабарлайды uaqyt.kz   

Орталық жүрек ырғағы бұзылыстары ауруларына шалдыққан науқастарға тегін қызмет көрсетеді. Дертке дер кезінде дауа табу үшін орталық қажетті құрылғымен қамтылған. Мәселен, құны 300 млн тұратын SIEMENS ангиограф аппараты Германиядан арнайы жеткізілген. Аталған медициналық аппарат миокард инфаркті, жүрек-қан тамыры ауруларына ота жасауға таптырмас құрылғы. «Asia Med Clinic» кардиоорталығының директоры Саламат Құрманаев барлық ота жолдама бойынша жасалатынын, бірақ шұғыл жағдаймен келіп түскен науқастарға да уақыт жоғалтпай қажетті ем көрсететіндерін айтуда. Айта кетейік, орталықтың бөлім меңгерушісі, кардиолог Елтай Артықбаев бұған дейін Алматы қаласында жұмыс жасаған. Оның кардиология саласында алты жылдық тәжірибесі бар. Сонымен қатар орталықта жұмыс істейтін өзге де медицина мамандары Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалаларынан келген білікті кадрлар.

Advertisements