Түркістан облысында ревакциналау жұмысы қарқынды жүріп жатыр

469

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері тұрғындарды ревакцинация алуға шақырады!

Бүгін Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы Түркістан қалалық емханасында коронавирусқа қарсы “Pfizer” екпесімен ревакцинацияланды.

Нұрбек Садықбекұлы ревакцинация алғаннан кейін, журналистермен кездесіп, COVID-19 инфекциясына қарсы иммунитетті қалыптастыруда қайта екпе алу маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол облыс тұрғындарын вакцина алуға шақырды.

Қызметкерлер дәрігерлердің бақылауында болды, және қазіргі таңда денсаулық жағдайлары қалыпты.

Ревакцина алғашқы 2 компоненттен кейін, арада 6 ай уақыт өткенде салынады.

Облыста халықты ревакцинациялау науқаны қазан айында басталған. Ең алдымен халықтың осал топтары қабылдады. Бүгінгі таңда ревакцина алған азаматтардың саны 66 259. Өңірге “Sinopharm” екпесінің 20 000 дозасы жеткізілген.

Advertisements