Түркістан облысында самбомен 600 спортшы жаттығуда

565

Түркістан облысында самбо күресі федерациясы 2013 жылы құрылған болатын. Біздің спортшыларымыз әлем чемпионаттарымен Азия біріншіліктерінде топ жарып жүр. Чемпиондарымыз әлемнің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан турнирлерде әнұранымызды шырқатып, көк туымызды желбіретіп келеді. Спортшыларымыздың мықты болуы тынбай еңбек етіп жүрген бапкерлердің үлесі деп білемін.

 2017 жылы Сербия мелекетінің Новый-Сад қаласында жасөспірімдер арасында өткен чемпионатта 87 салмақ дәрежесінде Әбдіғани Бибарыс әлем чемпионы атанды.
2018 жылы Грузия мемлекетіне әлем біріншілігіне 4 спортшымыз жолдама алып, Кемелбек Молдаш 2-орын, Әбдіғани Бибарыс пен Айдарбек Тоқтарбек 3-орынды иеленді.
2018 жылы Индонезия мемлекетінің Жакарта каласында өткен жазғы Азия ойындарында Айжан Жылқыбаева 3-орын иеленді.
2019 жылы Ташкент каласында өткен әлем чемпионатында Бексұлтан Дүйсенов 2-орын алды. Ал биыл Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында Айжан Жылқыбаева, Ұлбосын Әділова, Нұрила Асанқызы жеңімпаз атанды.

Қазақ елін әлемге танытып жүрген спортшыларымыз облыстық Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің мықты шәкірттері. Жалпы самбо күресін дамыту, жастар мен жасөспірімдер арасында спортшылар санын арттыру мақсатында 30 жаттықтырушы аянбай еңбек етуде. Облыс көлемінде 600-ге жуық спортшы самбо күресімен айналысуда.

Advertisements