Түркістан облысында 200-ден астам заңсыз қоқыс алаңы бар

388

Түркістан облысында екі жүзден астам заңсыз қоқыс алаңы бар екені анықталған. Солардың бірі – Түркістан қаласындағы «Бірлік» шағын ауданының аумағында. Бірнеше гектар алқап соңғы жиырма жыл ішінде қоқыс алаңына айналған. Малдың өлексесі мен бей-берекет тасталған қоқыстың жағымсыз иісі қолқаны қабады дейді жергілікті халық, деп хабарлайды ainews.kz

Мұхтар Сапаев, Түркістан қаласының тұрғыны: Мына жерден адам өте алмайды, мына үйде тұрамын. Адам шыдай алмайды, сасып кетеді. бәрін әкеп тастайды. Мына жерді көршілер ақша жинап тазалатамыз. Әкімшілікке айтамыз, 5-6 адам келеді, тазалағандай болады. Бір күн сырдырып тастаймыз деді, әлі ештеңе істеген жоқ. Қала әкімдігі бұл мәселемен таныс болып шықты. Жауапты мамандардың айтуынша, рұқсат етілмеген қоқыс алаңын бірнеше мәрте тазалап, заң бұзушыларға айыппұл салынғанымен нәтиже болмаған. Енді сол жаққа баратын жолдарды тарктормен қазып, бетон қоршаулар орнатпақ.

Advertisements