ЕЛБАСЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ҚАЗАҚСТАНДА ЗАМАНАУИ ИНДУСТРИЯЛЫҚ САЯСАТ ҚАЛЫПТАСТЫ

501
Елбасы мемлекет дамуының стратегиялық басымдықтарын бекітті. Оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстанда заманауи индустриялық саясат қалыптасты. Бүгін «Түркістан» сарайында Тұңғыш Президент күніне орай өткен мерекелік шарада сөйлеген сөзінде қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
«Тәуелсіздік дәуірінде Қазақстан толағай табыстарға қол жеткізді. Оның бір қатарына тоқталар болсам, Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстанда заманауи индустриялық саясат қалыптасты. Соңғы жылдардың өзінде елімізде 1500-ден астам жаңа өндіріс іске қосылып, 700 жаңа өнім түрлерін шығару жолға қойылды. Қазақстанда шығарылған туарлар әлемнің 110 еліне экспортталуда. 2009 жылдан бастап өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 3 есеге ұлғайды»,-деді қала басшысы.
Мұрат Әйтенов өз сөзінде еліміз Еуразиялық кеңістіктегі ірі транзиттік хабқа айналып, 2 700 шақырымнан асатын Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізінің қазақстандық учаскесі ашылғанын айтты. Сонымен бірге темір жол және автомобиль магистральдары желісі кіретін Транс-каспий дәлізі құрылғанын. Осы жылдарда 15 мың шақырымға жуық автомобиль жолдары, 4 мың шақырымды құрайтын темір жолдар салынып, елдегі 16 әуежай қайта жаңартылғанын және 4 әуежай жаңадан салынғанын мәлім етті.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Advertisements