СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

271

Бүгін Арыс аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қала әкімі аппаратының мамандары мен Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің еріктілерімен бірлесіп, қаламызда орналасқан бассейіндер мен жағажайдағы демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мамандар тыйым салынған жерлерде және арнайы суға түсуге арналған орындарда дем алып, күнге қыздырынып жатқан шомылушылармен жүздесіп, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызы турал айтып берді.

Жалпы рейд барысында табиғат аясында демалушыларға суға шомылу ережесін сақтау мен судағы қауіпті оқиғалардың алдын алу, қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек көрсету жөніндегі ақпараттармен бөлісті.

Сондай-ақ демалушыларға судағы қауіпсіздік туралы үнпарақ таратылды.

Айта кетейік, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдемесіне сәйкес, жыл басынан бері өңірімізде 22 адам суға кетсе, оның 17-і жас балалар екен.

Осыған орай, тұрғындарды судағы қауіпсіздікті қатаң сақтауға шақырамыз!

 

Advertisements