КОНСУЛЬТАТИВТІ КЕҢЕСШІ ОРГАННЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

316

Арыс қаласы әкімдігінде қала әкімінің жанынан құрылған  консультативті кеңесші органның отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаевтың төрағалығымен өткен жиынға консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы, аудандық прокуратура өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

1.Арыс қалалық пробация қызметі бөлімінің 2022 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы;

2.Арыс қалалық жұмыспен қамту орталығының 2022 жылдың 2 тоқсанында пробация қызметі есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталушылардың жұмыспен қамтылуы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пробация қызметінің басшысы, әділет майоры Жанна Айтмурзаева, Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Ерболат Медетбеков баяндама жасады.

Жиын барысында алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

 

Advertisements