АРЫСТА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

263
Бүгін Арыс қалалық әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес төрағасының міндетін уақытша атқарушы Бақтығали Ділдәбековтің төрағалығымен өткен жиынға Арыс қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ерғали Қуандық, Қоғамдық кеңес мүшелері мен есеп беретін ауыл әкімі, тиісті бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында Қоғамдық кеңес құрамына өзгеріс енгізу; Оқушыларды жазғы демалыста сауықтыру және лагерлерде демалуларын жолға қою; Дермене ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі мен 2022 жылы атқарылатын жұмыстары; Балалардың жазғы демалыс кезінде өзенге, көлге шомылу тәртібі және сақтық шаралары; Қала тұрғындарын қоғамдық көліктермен тасымалдау жұмыстарының барысы туралы мәселелер қаралып, жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы назарға алынатындығын жеткізді.
Advertisements