ЖОЛДАУ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖҮЙЕЛІ ҚОЛДАУ, ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН АШЫҚ БӨЛУ, ҚАРЖЫҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

321
Жолдау жаңалықтары: Кәсіпкерлікті жүйелі қолдау, жер телімдерін ашық бөлу, қаржыға қолжетімділік
Жылдың басты құжаты – Президент Жолдауын тыңдаған кәсіпкерлер салаға қатысты саясаттың жаңа деңгейге шыққанын айтып, жоғары бағасын беріп жатыр.
Кәсіпкерлерге еркін жұмыс істеуі үшін не қажет? Бірінші кезекте жер телімдері мен қаржылай қолдау қолжетімді болуы тиіс. Бүгінгі Жолдауда Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуы керегін және бос жатқан жерлер туралы ақпаратты бизнес өкілдерінің білуі тиіс екенін айтты.
Жолдауда еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетілетіні қуантып отыр. Бұл қадам бизнес өкілдері үшін ынталандырудың жақсы көрсеткіші болмақ және көлеңкелі экономиканың да алдын алары сөзсіз.
Жолдаудың келесі жаңалығы – 2023 жылы жаңа Салық Кодексінің әзірленетіні. Соңғы кезде бізде салыққа қатысты кәсіпкерлердің шағымы көбейіп тұр. Жаңа Кодекс бюджетті толықтыру мақсатында деген желеумен кірістер органдарының кәсіпкерлік қызметіне араласу фактілерін азайтады деп үміттенеміз.
Бұдан өзге, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның жаңадан қабылданатынын, кәсіпкерлікке қатысты заңнамалық құжаттарға қайта-қайта өзгеріс енгізілмей, 2024 жылдан бастап түсінікті ережелер бекітілетінін естіп қуанып отырмыз.
Жолдауда негізгі бағыттар айқындалды. Ендігі мәселе оның сапалы орындалуы. Кәсіпкерлермен, мемлекеттік органдармен бірге осы бағытта жұмыс істейтін боламыз.
Муслима Рақымжанова
Арыс қалалық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы
Возможно, это изображение 1 человек
Advertisements