АРЫСТА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

227
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың жетекшілігімен Арыс қаласындағы білім беру нысандарының жылыту маусымына дайындығы пысықталды. Жиынға мектеп директорлары мен балақша меңгерушілері және салаға жауапты бөлім жетекшілері қатысты.
Жиында мектеп, балабақшалардың аулаішілік тазалығы да айтылды. Дәретхана жайы пысықталып, отын, көмірін дайындау мен мектеп іргесіндегі жылыжайларды қалыпқа келтіру мен іске қосу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, білім мекемелері мен балабақша жетекшілері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Проблемалық мәселелер талқыланып, кезек күттірмей шешілуі тиіс түйіндер тарқатылды.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова көтерілген мәселелердің тыңғылықты орындалуын Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков пен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қазбек Ақылбайға тапсырып, оның орындалуын өз бақылауына алатынын баса айтты.
Advertisements