IPO ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТҮСІНДІРІЛДІ

204
Қала әкімдігінің үлкен залында жергілікті тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мен инвестициялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында және ірі ұлттық компаниялардың алдағы IPO-сы туралы хабардар ету мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Жиында «KazTransOil», «KEGOK», «KAZATOMPROM» және «ҚазМұнайГаз» сынды алпауыт компаниялардың IPO-сын сатып алу арқылы ел экономкасына әр азаматтың үлес қосу тетіктері түсіндірілді. Сондай-ақ, ұлттық компаниялардың акцияларына иелік ету арқылы азаматтардың табыс тауып, тұрмысын түзеу жайы айтылды.
Ал басқосуға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» мен брокерлік компания өкілдері және қаржы-экономика саласы бойынша сарапшы мамандар спикер ретінде қатысып, өздерінің мақсат-міндеттері жайлы баяндады. Сонымен қатар, көрермендер сұрағына жауап берді.
Айта кетейік, бұл шара президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ел экономикасына мемлекеттің қатысуын барынша азайту жөніндегі тапсырмасына және 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Advertisements