ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН «ҚОҚЫССЫЗ ТАБИҒАТ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АКЦИЯСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ

199
Ертең, 15 қазан күні «Қоқыссыз таза табиғат» тазалық акциясының екінші апталығы өтеді.
Жалпыұлттық сенбілік Арыс қаласына кіре беріс қақпадан басталып, Арыс-Шымкент тас жолы бойын, қалаішілік көшелерді, барлық ауылдық округтерді қамтиды.
Шара барысында тал-дарақтарды әктеу, жол жиегіндегі шөптерді шабу, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Акция табиғатқа саналы, ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Арыс қаласы әкімдігі қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырады.
Бастамаға әкімдік қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер және қала еріктілері қосылады деп күтілуде.
Барша қала тұрғындарын тазалық шарасына белсенді қатысуға шақырамыз!
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Advertisements