МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

202
Құрметті қала тұрғындары!
Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысымен 2022 жылдың 19 қазан күні сағат 16:00-де Арыс қаласы әкімдігінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн форматта мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Онлайн жәрмеңкеде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, дене шынықтыру және спорт, сәулет және қала құрылысы, мұрағат ісі салалары бойынша тікелей эфирде арнайы баяндамалар жасалады. Осыған орай, жоғарыда аталған мәселелер бойынша тікелей эфирге қатысып, сұрақтарға нақты жауап алуға болады.
Айта кетейік, бұл жәрмеңке мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тұрғындардың құқығы мен бостандығын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.
Advertisements