ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

199

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Керуен-сарай» кешеніне барып, инвесторлармен және өңірде жұмыс істеп жатқан туристік сала өкілдерімен кездесті. 

Премьер-Министрге газ және күн электр станцияларының құрылысы, көмір-химия, мұнай-химия және күкірт қышқылы зауыттарын, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді мен цемент өндіретін химия кешенін, Өгем өзеніндегі ГЭС каскады бар су құбырын, жылыжай кешенін, бордақылау алаңын салу бойынша және т. б. жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды.

«Бұлардың барлығы да облыс үшін әлеуметтік және экономикалық маңызы жоғары жобалар. Олар тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және өнеркәсіп өнімдерінің көлемін едәуір арттырады. Облыс әкімдігі жобалардың уақытылы іске асырылуын ерекше бақылауға алып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Advertisements