ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА НЕКЕ КУӘЛІГІН ТАБЫС ЕТТІ

233
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласына жұмыс сапары аясында Ардагерлер орталығының жанындағы Неке сарайында болып, жас жұбайларға неке куәлігін салтанатты жағдайда табыс етті.
Бас қосып, шаңырақ көтерген жас жұбайлар Ағабек Хайруллаұлы мен Арайлым Ерболқызына неке куәлігін тапсыру рәсіміне Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Қайрат Балабиев пен қала әкімі Гүлжан Құрманбекова және арыстық қариялар мен әжелер қауымы қатысты.
Жас жұбайлар некесінің баянды болуына тілек қосқан Дархан Аманкелдіұлы неке куәлігін табыс еткен соң, мәслихат төрағасы Қайрат Рахымұлы жастарға ақ батасын берді.
Айта кетейік, Арыс қалалық азаматтық хал-актілерді тіркеу қызметінің жетекшісі Ұлмекен Нәбиеваның айтуынша, сарай қызмет ете бастағаннан бері 370 неке тіркелген болса, жыл басынан бері 71-ші неке куәлігі салтанатты жағдайда табыс етілген.
Advertisements