АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАП ӨТТІ

232
Бүгін қалалық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні салтанатты жағдайда аталып өтті.
Шарада қала әкімі Гүлжан Құрманбекова сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбек адамдарына деген ыстық ықыласын білдірді.
«Экономикаға серпін беретін жобалардың арқасында ауылшаруашылық құрылымдары биылғы жылы 21 миллиард 334 миллион теңгенің өнімдерін өндірді. Биыл жалпы ұзындығы 42 820 метрді құрайтын 8 канал механикалық тазалаудан өтті. Бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасады. Қажырлы еңбегі мен диқаншылық міндетке деген адалдығы үшін барлық ауыл еңбеккерлеріне, ардагерлерге, өндіріс озаттарына ризашылығымды білдіремін!» – деді Гүлжан Мамытқызы.
Жиын барысында қала әкімі облыста өткен «Алтын күз-2022» салтанатты жиынында «Жалпы өнім көлемін ұлғайтуда озат аудан» атанған арыстық еңбеккерлерді құттықтады. Бұдан кейін, ауыл шаруашылығы саласына қосқан зор үлесі және қажырлы еңбегі үшін шаруа қожалығының иелері мен жұмысшылары әртүрлі номинациялар бойынша марапаттады.
Оның ішінде – Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің 2 құрмет грамотасы, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспановтың 10 алғыс хаты табысталса, 6 азамат қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың «Арыс қаласына сіңірген еңбегі үшін» медальімен марапатталды.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары жиналған қауымға өнер көрсетіп, ән-биден шашу шашты. Жиынға келген шаруалар еңбектің еленгеніне ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Advertisements