ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

184
«Казгидромет» РМК Түркістан облысы филиалының хабарлауынша, 2023 жылдың 8-16 қаңтар күндері Түркістан облысы аумағында қатты суық болады деп күтілуде.
Осыған орай, жеке сектор тұрғындарын қытымыр қысқа қамданып, жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!
Бүгінгі таңда, арыстықтар қатты отынды «Комир Таш» (ТопБаз) сату нүктесінен ала алады. Аталған мекемеге 15 вагон «шұбаркөл» көмірі жеткізілген. Көмірдің орташа бағасы жеткізу қызметін қоспағанда, 15 000 теңгеден 16 000 теңгеге дейін. Сауда нүктесі 8 қаңтардан бастап ашылады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс қалалық төтенше жағдайлар бөлімі жеке сектор тұрғындарын жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырады.
Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай мамандары, өрт сөндіру, аудандық коммуналдық мекеме қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Возможно, это изображение на открытом воздухе
Advertisements