АРЫСТЫҢ ТАНЫМАЛ СПОРТ ШЕБЕРІ «ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА – 30 ЖЫЛ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

192

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан футбол федерациясына 30 жыл толуына орай, жиын өтті. Айта өтерлігі, қазір Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірімізде миллиондардың жүрегіне жол тартқан футболды УЕФА-ның талаптарына сай дамытуды жаңғыртып, отандық футбол шаруашылығын өркендетуге ерекше назар аударып отыр.

Облыстық футбол федерациясының конфедерациясында Түркістан облысының футбол саласының өсіп-өркендеуіне ұзақ жылдардан бері мол еңбек сіңіріп келе жатқан азаматтар «Қазақстан футбол федерациясына – 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Оның ішінде Арыс футболының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген Ерғазы Медетбеков бар.

Марапаттау рәсімін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіп, биылғы футбол маусымында бұдан да жоғары жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдіріп, өңіріміздің футбол саласының өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді. Сонымен қатар Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев та марапаттау жиынын жүргізіп, футболды дамытуға көңіл бөлініп жатқаны туралы баяндады.

 

Возможно, это изображение 2 человека, люди стоят и в помещении

Advertisements