ЖҰҚА МҰЗ – ЖАСЫРЫН ҚАУІП

230
Биылғы қыс мезгілінде ауа райының күрт төмендеуіне байланысты «Көксарай» су реттегішінде, Арыс, Сырдария өзенімен бастау алатын көлдер мен арықтарда жұқа мұз қату жағдайы орын алуда.
Мұздың қалыңдығы жұқа болғандықтан, ауыр салмақ (адам, мал және т.б) көтере алмайтындығын ескертіп хабарлаймыз. Өзенге, каналға және су арналарына барғанда мұз үстімен жүруге және мал түліктерін мұз үстіне шығаруға болмайтындығын ескертеміз.
Азаматтарға мұз айдынына шығып балық аулауға, сырғанауға және көлікпен шығуға қатаң тиым салынады. Себебі судың ағысы жүретін аумағында мұз жұқа қатады, бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті екенін ескертеміз!
Су тілсіз жау екенін естен шығармаңыздар!
Егер төтенше жағдай орын алған жағдайда 112- сымтетігіне хабарласыңыз.
Сақтық шараларын қатаң сақтаңыз!
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Возможно, это изображение 1 человек и текст «абайланыз! жука MY3! арыс»
Advertisements