АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНДЕ МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

336
Қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Арыс ауданы прокуратурасының мекемеаралық жиналысы өтті. Аталған шарада аудан көлеміндегі құқықбұзушылықтардың алдың алу, сондай-ақ өткен жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды.
Арыс ауданының прокуроры Талғат Сейдуалиев төрағалық еткен жиынға қала әкімі Гүлжан Мамытқызы мен тиісті бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиын барысында 2 мәселе қаралды. Аудан көлемінде криминогендік және құқықбұзушылықтардың алдың алу бағытында атқарылған іс-шаралардың тиімділігі мен заңдылығы жайына Аудан прокурорының орынбасары Мейіржан Спабеков баяндама жасады.
Екінші мәселе қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы іс-шараларды талқылау жөнінде Аудан прокуратурасының прокуроры Шахаризада Айтмағанбет баяндап, Арыс ауданы полиция бөлімінің бастығы Алмас Мырзахметов пен Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов есеп берді.
Возможно, это изображение 2 человека, люди сидят, в помещении и текст «курманбекова гулжан мамыткызы GUEE сейду лиев талеат сатышулы»
Advertisements