КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға әкім орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Қабылдауда тұрақты жұмыс, тұрғын үй кезегіне тұру, қала тазалығы мен сәулеті, жаяу жүргіншілер жолын салу, денсаулық мәселелері көтерілді.
Шаһар басшысы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Сондай-ақ орынбасары мен бөлім басшыларына мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.