КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ – АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАУІПТІ

287
Қысқы жылыту маусымы кезінде жеке секторларда пештерді дұрыс пайдаланбауға байланысты жазатайым оқиғалардың саны артады. Нәтижесінде тұрғындардың ыс тиіп (көмірқышқыл газына улану) жайттары кездесіп жатады.
Арыс қаласы бойынша жылыту маусымы басталғалы 3 ыс тию жағдайы тіркеліп, жедел-жәрдем көмегіне жүгінген.
Улы газбен уланудың себептері: пеш құдықтарының бітелуі мен дұрыс салынбауы және қауіпсіздік шараларын сақтамау. Сол себепті тұрмыстық пештеріңізге назар аударып, от жағу кезінде пешті қараусыз қалдырмау, пештің түтін жүретін жолдарын уақытылы тазартып, пешті білікті мамандарға салдырып, қарапайым сақтық ережелерін ұмытпағандарыңыз жөн.
Бүгінгі таңда қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласы бойынша қыс мезгілінде тұрғын үйлерді жылыту барысында қауіпсіздік шараларының сақталуын қарау бойынша жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топ үйме-үй аралап, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Құрметті қала тұрғындары! Қатты отынмен жанатын пеш жабдықтарын ұстауда немқұрайлылық танытудың салдары қайғылы жағдайға соқтыратынын естен шығармайық!
Жылыту кезеңінде өзіңізге және үйдегі балаларға аса сақ болыңыздар!
Возможно, это изображение огонь, на открытом воздухе и в помещении
Advertisements