АРЫС ЖАСТАРЫ БІРЕГЕЙ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

127
Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ-і «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, қаламызда «Өз кәсібіңді аш» тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған экскурсия жұмыстары өтті.
Экскурсияның мақсаты – жастарды кәсіпкерлік негіздеріне баулу. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау. Оның ішінде, биылдап бастап беріле бастаған жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие бар.
Шара барысында қатысушылар «MEGA-AGAT» ЖШС кәсіпорнында экскурсия жүргізді.
Экскурсия барысында «MEGA-AGAT» кәсіпорынының директоры Рүстембек Әлішер өз бизнес салалары туралы әңгімелеп, жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Кәсіптің көзін тауып, кез-келген бастаманы сәтті жолға қоюдың тетіктерін айтып берді. Шараға қатысушыларды кәсіпорынның барлық жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің ойындағы сұрақтарын қойып, ұтымды жауап ала білді.
Возможно, это изображение 8 человек и текст
Advertisements