АРЫСТЫҚТАР ҚАЛА КҮНІ МЕН ТЕМІРЖОЛШЫЛАР МЕРЕКЕСІН ҚАЛАЙ АТАП ӨТЕДІ
Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде Арыс халқы Қала күні мен Теміржолшылар мерекесін салтанатпен атап өтеді. Биыл 4 тамызға жоспарланған қала күні тұрғындар мен қала қонақтары үшін қандай естеліктерімен есте қалады?
🎉 Ең алдымен, қаламызға қарасты Отырар тұрғын ауданын табиғи газға қосу рәсімі өтеді.
Басталуы: 9.30
🎉 С.Адамбеков саябағында көпфункционалды балалар ойын алаңшаларының ашылу рәсімі.
Басталуы: 10.00
🎉 Қайта жаңғыртылған Теміржолшылар саябағында street-workaut және балалар ойын алаңшалары, сондай-ақ қаламыздағы алғашқы скэйт-парк алаңының ашылуы өтеді.
Басталуы: 10.30.
🎉 Жоңғар шапқыншылығында ерлік көрсеткен Төлебай батыр Лепесұлының ескерткішінің ашылу салтанаты. Басталуы: 11.00.
🎉 Ақынбеков көшесінде орналасқан жаңа Бокс және фитнес залының ашылу рәсімі.
Басталуы: 11.30.
Негізгі мерекелік гала-концерт Орталық Әл-Фараби алаңында кешкі сағат 20.00-де бастау алады. Думанды шарада қала мен елімізге танымал өнерпаздар әннен шашу шашып, мереке көрігін қыздыратын болады.