ҚАЛА ӘКІМІ МЕШІТ ИМАМДАРЫ ЖӘНЕ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

81
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қала мен ауылдарға қарасты мешіт имамдарымен және қалалық ардагерлер кеңесі мүшелерімен, қала кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында бүгінгі қоғамдағы еңбекке деген бойкүйездік, ұлттық құндылықтар мәселесі және қоғамдық тәртіп пен, бүгінгі таңда жастарымызды қаламызда көгалдандыруға, еңбектенуге тәрбиелеуде дін мен дәстүр сабақтастығының тәрбиелілік мәнінің маңыздылығы жөнінде пікірталас әңгіме өрбіді.
Сонымен қатар алдағы келе жатқан Құрбан айт мерекесін қала көлемінде өткізудің нақты тәртібі, айт кезінде жетім-жесірлерге, жағдайы төмен отбасыларға нақты көмек көрсету бойынша қаламызда атқарылатын жұмыстарды пысықтады.
Advertisements