АРЫСТА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС АТҚАРЫЛУДА

152

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды. Жиынға жауапты министрлер мен әкімдер қатысты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Бүгінде Түркістан облысында бұл бағытта жергілікті атқарушы орган тарапынан қажетті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, облыстық маңызы бар жолдардың қанағатты жағдайдағы үлесі 2023 жылдың басында 92 пайызды құраса (республикалық жолдар – 91%), 2025 жылдың қорытындысы бойынша 95 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Облыста әлеуметтік нысандардың жанына биыл 37 жерге жасанды жол кедергі қойылып, 3 мыңнан астам (3 097) жаяу жүргіншілер жолағы сызылған. Былтыр Түркістан қаласында 26 жол қиылысына және 43 желілік учаскелеріне, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 40 желілік учаскесіне аппараттық бағдарламалық кешендері орнатылды.

Қазіргі таңда облыс жолдарында ең қауіпті жол учаскелері анықталып, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын бейнебақылау камераларының саны 138 данадан 203-ке дейін жеткізілді. Жыл соңына дейін тағы 63 «Мерген» кешенін орнату жоспарланған.

Advertisements