ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАЙЫҚ

76
2021 жылы қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен ұзақ жылдар Арыс қаласының өркендеуіне еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерімізге бір ауық демалып, бой сергіту мақсатында облыс көлемде тұңғыш рет Ардагерлер орталығы ашылған болатын.
Бүгін аталған орталық аумағында тағы да қараусыз жайылып жүрген бұзаулы сиырлар жүргендігі туралы арыз түсті.
Қалалық әкімдік қызметкерлері жергілікті полиция бөлімімен бірлесіп, қараусыз жүрген төрт түлікті айыптұрағына қамады.
Құрметті тұрғындар! Арыс біздің ортақ мекеніміз. Ардагерлерді құрметтеп, қала берді сонда көгалдандыру, абаттандыру бағытында жұмыс жасап жүрген азаматтардың еңбегін бағалайық!
Жауапкершілікпен қарап, төрт түлікті тәулік бойы көзден таса қылмауды сұраймыз!
Қоғамдық тәртіпті қайталама бұзған азаматтарға еселеніп айыппұл салынатынын ескертеміз!
Advertisements