ҚАЛА ӘКІМІ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР САЯБАҒЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қайта жаңғыртылып жатқан Теміржолшылар саябағына барды. Мұнда қазіргі уақытта қайта жаңғыртудың екінші кезеңі басталмақ.
Шаһар басшысы Арыс келбеті қайта абаттанған тағы бір саябақпен көмкеріле түсетінін, қаланы жасыл желекке бөлеу арқылы шаһар тынысы ашыла түсетінін атап өтті.
Алдағы уақытта аталған саябақтың келбеті түгелдей өзгеріп, көрікті де қолайлы демалыс орнына айналмақ. Мұнда балалар ойын алаңшалары, воркаут аймағы, сондай-ақ скейт парк аймағын ашу жоспарлануда.
«Теміржолшылар саябағы – тұрғындар отбасымен және достарымен уақыт өткізуге, жаңа аттракциондарға мінуге, аллеяларда серуендеуге және таза ауада спортпен шұғылданатын сүйікті орнына айналуы тиіс. Сондықтан, саябақты жаңғыртудың екінші кезеңін сапалы әрі уақытылы аяқтау керек,» – деген қала әкімі тиісті жұмыстарды қала күні мерекесіне орай тапсыру керектігін айтты.
Бұдан бөлек, саябақтың ішін-сыртын күтіп ұстауды жұмыстарын ширату керектігін де баса айтты.
Айта кетейік, бұған дейін қараусыз қалған саябақ қала әкімі Гүлжан Мамытқызының тапсырмасымен қайта жаңғыртылуда. Мұнда бүгінгі таңда сыртқы жарықтандырылуы, жаяу жүргінші жолы, гүлзарлар мен газондар түгелімен жаңғыртылып, түрлі ағаштар отырғызылған. Шағын архитектуралық формалар, мүсіндер, орындықтар, қоршаулар, жәшіктер жаңартылған.