МОНИТОРИНГ МАҚСАТЫ – ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ

57

Арыс қаласында мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін зерделеу үшін мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстарды қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың өкімімен құрылған арнайы жұмысшы топ жүргізуде.

Олар барлық жерге тексеру жүргізуде: пандустардың бар-жоғы, олардың көлбеу бұрышы, ені, кіреберіс есіктердің стандарттарға сәйкестігі және тағы басқа басты талап болды. Мониторинг мемлекеттік органдарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сауда дүкендерінде, медицина объектілерінде және басқа жерлерде жүргізілуде.

Мониторинг барысында кейбір ұйымдарда кіреберіс есіктер мен пандустарды өлшеу кезінде бірқатар қолайсыздық анықталды. Бұл бойынша әр мекеменің жауапты басшылығына арнайы ескерту хаттары жолданып, кемшіліктерді мерзімінде қалпына келтіру керектігі ескертілді.

Айта кетейік, мониторинг тобының құрамында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының өкілдері бар.

Мониторингтің мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және халықтың мобильділігі төмен топтары үшін кедергісіз орта құру болып табылады.

Advertisements