МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

72

Бүгін Арыс горнизонының №74884 әскери бөлімінің ату-жаттығу полигонында қаламыздағы білім беру мекемелерінің 10-сынып оқушылары арасында бес күндік әскери оқу-жаттығу далалық жиынының салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, қалалық біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Ерлан Біләлов, қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері, білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиында қала әкімінің орынбасары Алмаз Советұлы: «Сіздердің, әскери сабақта алған білімдеріңізді жиын барысында жоғары деңгейде көрсете берулеріңізге табыс тілей отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, Отан алдындағы парыз бен борышын адал атқаратын азамат болып қалыптасуларыңызға тілектестік білдіремін,» – деп жылы лебізін білдірді.

Бес күндік далалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Айта кетейік, биыл далалық оқу-жаттығуға Арыс қаласы бойынша 420 оқушы қатысуда. Жас сарбаздар тактикалық, атыс дайындықтарын үйреніп ғана қоймай, әскери құрылымдардың жарғыларын оқып танысады. Әскери топографияның қыр сырын үйренеді. Олар 5 күн бойы әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысып, сарбаз міндетін сезінбек.

Оқу-жаттығу жиыны 19 мамырға дейін жалғасады.

Advertisements