ҚҰРМЕТТІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

62

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір елдің рухани күші – оның мәдениетімен өлшенеді. Содан болса керек, елдің өнер көшін алға ілгерілетуде ұлт руханиятының шырақшысы болып жүрген мәдениет майталмандарының қоғамдағы алар орны ерекше.

Баршамызға белгілі, Арыс өңірі мәдениетпен мерейленіп, өнермен өрістеген өлке. Арыстың қасиетті топырағы талай мәдениет майталмандары мен өнер жұлдыздарының алтын бесігіне айналды. Осы орайда, ұлттық өнердің қанат жайып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуында – баршаңыздың үлестеріңіз зор, еңбектеріңіз ерен екенін ерекше атап өткім келеді.

Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүрген Сіздерге деген алғысымыз зор.

Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, өңір мәдениеті мен өнерін өрістету, ұлттық мәдени мұрамызды таныту жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін!

Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, өнер нәрімен суысындатып жүре беріңіздер!

Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын демекпін!

Қашан да Арысымыз мәдениеттің мәуелі көшін бастай берсін!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен,

Арыс қаласының әкімі

Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА

Advertisements