«АТА – АНА – ҰСТАЗ – ОҚУШЫ: БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

48

Бүгін Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түлкібас аудандық Мәдениет үйінде «АТА-АНА – ҰСТАЗ – ОҚУШЫ: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбында форум өтті.

Форум мақсаты – ата-анамен мектеп қарым-қатынасын күшейту, отбасы құндылықтары мен ұлттық рухани байлықтарды дәріптеу. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мәселені бірлесіп, шешу жолдарын қарастыру.

Форумның міндеттері:

  • Ата – аналармен бала тәрбиесіндегі проблемаларды талқылау, шешу жолдарын қарастыру;
  • Кәмелетке толмағандар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, оқушылардың дербес дамуы мен қалыптасуына ата- аналар тарапынан ықпал ету;
  • Өскелең ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеуде ата-аналардың рөлін арттыру;
  • Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында саналы ата -ана болу мәдениетін қалыптастыру.

Облыстық форумға Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлімбет, Білім саласының ардагері, қоғамдық ұйымның төрағасы Н.Байғұт, Түркістан қаласының әйелдер алқа төрайымы Ұ.Мұстафаева, “Сеніммен болашақ” РБҚ Түркістан облысы филиалының басшысы Ә.Толысбаева, Түркістан қаласы, Ясауи атындағы ХКТУ-дың аға оқытушысы Г.Көлеген, аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілері, ата-аналар комитетінің төрағалары (төрайымдары), әкелер мектебінің өкілдері, ДТІЖО, сынып жетекшілер, педагог- психологтар, әлеуметтік-педагогтер, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары қатысып, күрделі мәселелердің оңтайлы шешімдерімен бөлісті.

Аталған іс-шараның ерекшелігі сол, бұл форумға әлемге әйгілі ұл тәрбиелеп отырған, дүние жүзіне өнерімен ғана емес, ұлттық келбетін, ішкі мәдениетін, кішіпейілдігі мен көркем мінезін көрсетіп жүрген әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев онлайн қатысып, тәрбиеге қатысты өз ойын білдірді.

Сонымен қоса, бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкеебайдың әкесі Тәкен Тәшкенбайұлы да жұмылдырылды.

Форум барысында келген қонақтарға отбасылық ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген көрме жұмыстары көрсетіліп, 5 бағытта түрлі форматта секция жұмыстары жүргізілді.

Пленарлық мәжілісті Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлімбет ашып берді. Білім саласының ардагері, қоғамдық ұйымның төрағасы Байғұтов Нышан сөз сөйлеп, “Жастар тәрбиесі – Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының кепілі” тақырыбында баяндама оқыды.

Сонымен қатар, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек Изтайұлы отбасының береке-бірлігі, ынтымақтастық туралы сөз қозғады.

Advertisements