ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ

63

 

«Казгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, ақпан айының 9-10 күндері аралығында Түркістан облысының таулы және тау бөктері аудандарында қатты жауын-шашын, қар күтілуде.

Сондай-ақ, қалың тұман және көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде күші 17-22 м/с қатты жел соғады. Тау асуларында желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Құрметті қала тұрғындары!

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Арыс қаласы тұрғындарына сақтық шараларын ұстанып, жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырамыз.

Бұған қоса, малды өріске шығармау қажеттігін, ағаштар, электр бағаналары маңынан алысырақ жүру керектігін ескертеміз. Дауылдан сақтану үшін өзіңіздің қозғалыс бағытыңыздағы жерлерді зерделеп, сынған немесе бүлінген ғимарат жанынан, өзен және су қоймалары аумағынан аулақ жүру қажеттігін ескертеміз.

Нет описания фото.

Advertisements